Әлеуметтік-экономикалық өсудің 10 қадамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік-экономикалық өсудің 10 қадамы

23.04.2014
Әлеуметтік-экономикалық өсудің 10 қадамы
Еліміздің экономикалық өсу тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары 10 қадам бойынша жүргізіледі. Бірінші қадам - макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
 
Екіншісі - экономиканың нақты секторына қолдау көрсету. Одан кейін шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін ұлғайту.
 
Кейін қаржы жүйесін дамыту, «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру, ивестициялардың жаңа толқынын тарту, тарифтік саясатқа жаңа тәсілдерді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
 
Ең соңғы 10-қадам - экономиканың қосымша өсу көзі «көлеңкелі» экономиканың көлемін төмендету.
 
Үкімет алғашқы қадам бойынша, яғни, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мына жұмыстарды атқарады. Ұлттық валюталық бағамға түзету жасау үшін инфляция өсуін тоқтататын шараларды жүзеге асырады.
 
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының өсуін тоқтату үшін бөлшек сауда бағаларын белгілеу, тұрақтандыру қорлары ресурстарын пайдалану және көмір, газ, мазут, дизель отыны сияқты өндірістік сипаттағы стратегиялық тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылданады.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу