Қазақстанның және Ресейдің ғарышкерлері Алакөлдің туристік әлеуетімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның және Ресейдің ғарышкерлері Алакөлдің туристік әлеуетімен танысты

25.06.2018

Қазақстанның және Ресейдің ғарышкерлері айдынды Алакөлге барып, көлдің туристік әлеуетімен танысып қайтты. Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев бастаған топ құрамында Ресей Федерациясының батырлары ұшқыш-ғарышкерлер Юрий Батурин, Анатолий Арцебарский және Юрий Маленченко бар. Кеңестік кезеңде ғарыштан оралған ғарышкерлер Алакөлге түсіп, бойындағы ғарыштық радиациядан арылатын. Бірақ, кейін бұл үрдіс тоқтап қалды. Суға шомылған ғарышкерлер көлдің шипалы екенін тағы бір сезініп көрді. Көл жағасында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ресейлік ұшқыштар ғарышкерлерді көл суымен оңалтуды қайта қолға алу маңыздылығын айтып, ойларымен бөлісті. 

Юрий Батурин, Ресей Федерациясының батыры:

- Менің ғарышкер досым Александр Серебров «мені ғарышкер қылған Алакөл», деп айтқаны есімде қалды. Себебі, ол ғарыштан келгенде дәл осы көлге түсіп, денсаулығын нығайтып, қайтадан ғарышқа ұшатын. Расында да, бұл көлдің емдік қасиеті бар. Ғарышкерлер көлге түсіп, жылдам оңалып, медициналық комиссиялардан кедергісіз өтетін. Осылай ғарышқа тағы көтерілуге рұқсатты тез алатын. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу