Амбулаториялық карталар жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амбулаториялық карталар жойылады

22.06.2018

Тұрғындар 10 күннен соң амбулаториялық карталар мен флюрографиялық жазбалардан толықтай арылады. Себебі, еліміздегі емдеу мекемелері 1 шілдеден бастап қағазсыз қабылдауға көшеді.

Сондай-ақ, электронды үкімет порталына тіркелген науқастар мен жүкті әйелдерге жоспарлы тексерілу хабарламасын жіберу қызметі де қолжетімді. Бұл жөнінде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлімдеді. Ал, 2019 жылы тегін кепілдендірілген медициналық көмек көрсететін салалық ұйымдар тек ақпараттық жүйелермен жұмыс істейді. 

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- 4 жоба іске асырылып жатыр. Бірінші, интеграция платформасын құру, екінші, медициналық ақпараттық жүйелерді біздің аймақтарда дамыту. Мобильдік денсаулық сақтау қосымшаларын іске асыру және жасанды интеллект немесе машиналық оқыту болып табылады.  

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу