Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден Сенім грамоталарын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден Сенім грамоталарын қабылдады

22.06.2018

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Босния және Герцеговина елшісі Мұстафа Муезинович, Эль-Сальвадор Республикасының елшісі Эфрен Арнольдо Берналь Чевез, Нигерия елшісі Ибрахим Хамзаттан Сенім грамотасын қабылдады. Енді елімізде осы үш мемлекеттің дипломатиялық қызметтері басталады.  Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы бұл елдермен түрлі салада өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Тікелей іскерлік байланысты дамытуды көздеген тараптар сауда-өнеркәсіп, «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалар аясында бірлесе жұмыс жүргізбек. Жалпы экономикалық, мәдени, достық қарым-қатынасты нығайту жолындағы жоспарларымен де бөлісті.

Ибрахим Хамзат, Нигерия Республикасының Қазақстандағы елшісі:

- Қазақстан мен Нигерияның достық қарым-қатынасы бұрыннан берік. Әлі де солай жалғаса бермек. Екі елдің экономикалық байланысы тығыз деп айта алмаймыз. Бірақ, ендігі кезекте осы мақсаттағы жұмыстарды қолға аламыз. Біздің елде 190 млн. халық тұрады. Өзара ынтымақтаса жұмыс жүргізуге мүмкіндігіміз көп. Келешекте Қазақстанда елшілік үйін ашамыз. Оған дейін сіздерге жиірек келіп, түрлі келісімдер бойынша жұмыс жүргізетінімізге бек сенімдімін. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу