«Әр ауылға бір қамқоршы» жобасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әр ауылға бір қамқоршы» жобасы басталды

22.06.2018

«Әр ауылға бір қамқоршы». Бұл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен елге аты мәлім кәсіпкерлердің бірлесе қолға алған жобасының атауы. Бүгін брифинг барысында әлеуметтік жобаның мән-мазмұны таныстырылды. Өз өлкесін түлеткісі келетін табысты бизнесмендер көп. Осы ниетті шынайылыққа айналдыратын ыңғайлы, сонымен қатар, ашық механизмдер жоқ. Күнделікті қызметтен қолы босамайтын кәсіпкер үшін ауылдың қайырымдылық жобаларына уақыт таппайды. «Ал, аталған жоба қалтасы бар, бірақ, уақыты жоқ адамдар үшін табылған ақыл болды» – дейді, меценаттар. Жобаның іске асу барысын «Менің атамекенім» қоғамдық бірлестігі қадағаламақ.

Жақсылық Үшкемпіров, тұңғыш Олимпиада чемпионы:

- Спорт кешенін аштым. Содан кейін 100 балаға балабақша салып бердім. Қандай жақсы болып жатыр.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу