Айыппұл көлеміне өзгерістер енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айыппұл көлеміне өзгерістер енгізіледі

21.06.2018

Бүгін Парламент Сенатында заңнамаға осындай өзгеріс ұсынылып, екінші оқылымда қабылданды. Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, қазір қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға салынатын айыппұл көлемі өте үлкен, ал, төлеу мерзімі тым қысқа. Мемлекетке өтемді енді 6 айда емес, үш жылдың ішінде төлеуге болады. Жалпы, аса ауыр емес және орташа қылмыс жасағандарға қолданатын жаза жеңілдетілетін болды. Бұдан бөлек, құқық қорғау қызметін, оның ішінде полиция жұмысы бірыңғай орталықтандырылған жүйе принципіне негізделмек.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Бүгінгі заң жобасы сатылы жүргізіліп жатқан қылмыстық құқықтық саласының реформасының жалғасы. Жалпы, елімізде қабылданған ізгілендіру шаралары оң нәтижесін беріп отыр. Бұл заң жобасы қылмыстық процесстің репрессивтігін азайтып, құқық үстемдігін қамтамасыз етеді. Азаматтардың құқықтарын қорғауға одан әрі нығайтады деп сенеміз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ                                                 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу