Туристер үшін «Назарбаев орталығы» ғимаратының есігі әрдайым ашық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туристер үшін «Назарбаев орталығы» ғимаратының есігі әрдайым ашық

21.06.2018

«Туристер үшін «Назарбаев орталығы» ғимаратының есігі әрдайым ашық». Елбасы кітапханасының жұмысымен таныстырған мамандар осылай дейді. Туристік фирма өкілдерімен кездесу «Open space» форматында өтті. Бұрын ғимаратта қауіпсіздік мәселесі қатаң еді. Ал, қазір кез келген шетелдік турист немесе ел азаматтары орталыққа еркін кіріп, экспозициялармен таныса алады. Фотоға түсіруге де рұқсат етілген. 

Әмірхан Рақымжан, «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы» ММ басшысының бірінші орынбасары:

- Бұл жерде Елбасы Қазақстан халқымен сайланғаннан бастап 140 мыңдай архив құжаттары сақталған. Оны барып көруге де болады. Фото-видеоларды қарауға болады. Сонымен қатар, 28 мыңдай кітап бар. Оларды да келіп оқуға мүмкіндік бар.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

 «YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу