Түркістан облысына әкім болып Жансейіт Түймебаев тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысына әкім болып Жансейіт Түймебаев тағайындалды

20.06.2018

Кезектен тыс сессияда облыс мәслихатының депутаттары тағайындауға байланысты Елбасы ұсынысын бір ауыздан мақұлдап, дауыс берді. Соңғы кезге дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Жансейіт Түймебаев кезінде еліміздің Білім және ғылым министрі, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі, сондай-ақ, Қазақстанның Түркиядағы елшісі сияқты лауазымды қызметтерді атқарған. Облыс жұртшылығына жаңа басшыны таныстырған Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Түркістанды дамытуға байланысты үкіметтік комиссия құрылғанын мәлімдеді. Жұмыс тобына Үкімет басшысының орынбасары Асқар Мамин жетекшілік етеді. Ал, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев комиссия төрағасының орынбасары болып бекітілді. Сондай-ақ, Елбасы ұсынысымен және жергілікті мәслихат депутаттарының келісімімен республикалық маңызға ие Шымкент қаласының әкімі болып  Ғабидолла Әбідарахымов тағайындалды.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу