«Цифрлы Қазақстан» жобасының игілігін енді студенттер де көре алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Цифрлы Қазақстан» жобасының игілігін енді студенттер де көре алады

20.06.2018

Тараздағы Жамбыл политехникалық колледжінде «Автоматтандырылған мемлекеттік қызмет» орталығы ашылды. Енді қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін оқу ордасынан шықпай-ақ алуға болады. Ол үшін осы орталыққа оқу құжаттарын, жатақханаға орналасу өтініштерін, сондай-ақ, әртүрлі анықтамалар алуға сұраным қалдырса болғаны. Мамандар арнайы бағдарламаны қолдана отырып, халыққа қызмет көрсету орталығымен байланысқа шығады. Орталықта әзірге 7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл - тек студенттерге ғана емес, оқытушыларға да уақытын үнемдеп, құжаттарды дер кезінде рәсімдеуге мүмкіндік береді. 

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу