Таразда аурухана терезесінен бала құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда аурухана терезесінен бала құлап кетті

13.06.2018

Тараз қаласында балалар жұқпалы аурулар ауруханасының екінші қабатынан бала құлап кетті. Оқиға кеше түс мезгілінде болған. 1 жас 10 ай болған сәби осы ауруханада ем алып жатқан. Ем аламын деп келіп, жарақат алған бүлдіршін қазір облыстық балалар ауруханасында. Жедел түрде жеткізілген балаға осында тиісті медициналық көмек көрсетіліп, тексеру жүргізілген. Қазір тиісті ем-дом жасалып, мамандардың жіті қадағалауында. Дәрігерлер жақын күндері анасы мен баласын үйіне шығарамыз деп отыр.

Г.ҚАЙРАТҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу