Таразда тұрмысы төмен отбасыларға 330 тонна көмір тегін таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда тұрмысы төмен отбасыларға 330 тонна көмір тегін таратылды

12.06.2018

«Қыстың қамын жаз ойла!». Өткен қыстың қақаған аязында қатты отынға тәуелді талай тұрмысы төмен отбасы қамыққаны белгілі. Қасиетті Рамазан айында қайырымды жандар осындай 110 отбасының қажетін түгендеп берді. 330 тонна көмірді тегін таратты. «Жанға жылу сыйла» жобасын жүзеге асырған – «Өркен-ниет» қоғамдық қоры. Әлеуметтік жағдайы төмен 110 отбасының әрбіріне 3 тоннадан көмір жеткізілді. Қасиетті айда қайырымдылық көрсеткен азаматтарға қала тұрғындары дән риза. Олар көмірдің қызуынан бұрын мейірімділіктің жылуын сезінгеніне қуанышты. Қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.  

Бақытжан Исмайлов, Тараз қаласының тұрғыны:

- Рамазан айында халыққа осындай көмек беріп отырған қайырымдылық қорына рахмет.

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу