Алматыдағы «Ақсай» мешітінің ұжымы көпбалалы жандарға арналған қайырымдылық шарасын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Ақсай» мешітінің ұжымы көпбалалы жандарға арналған қайырымдылық шарасын өткізді

12.06.2018

Қазір қасиетті Рамазан айында мұсылман қауымы мұқтаж жандарға қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Соның бір дәлелі, Алматыдағы «Ақсай» мешітінің ұжымы жағдайы төмен, көпбалалы жандарға арналған «Жүрекке жылулық» қайырымдылық шарасын өткізді. Олар жамағатпен бірлесіп, 100-ден аса отбасыға азық-түлік өнімін таратып берді. «Қасиетті Қадір түніне орайластырылған берекелі істің қоғамның ықыласына зәру адамдар үшін маңызы зор», - дейді имамдар. 

Лесбай Қаңлыбаев, «Ақсай» мешітінің бас имамы:

- 12 айдың ішінде сауаптар еселенетін Рамазан айында тұрақты жамағатымыз жақсы іске үлес қосайық деп, өздерінің зекеттерін беріп жатыр. 

 

Алмат ӘБДІРАМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу