«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана алуға ниеттілердің жартысынан астамы қыз-келіншектер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана алуға ниеттілердің жартысынан астамы қыз-келіншектер

06.06.2018

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана алуға ниеттілердің жартысынан астамы қыз-келіншектер екен. Былтыр «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» 11 180 адамнан өтініш түссе, оның алты мыңнан астамын әйел азаматтар берген. Бұл ақпарат Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында мәлім болды. Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы отбасылардың әл-ауқатына зор көңіл бөлетінін айтып, «7-20-25» бағдарламасының ойдағыдай орындалуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы қоғамдағы әйелдердің рөлі мен белсенділігіне баса назар аудару керек екенін еске салды. Ұлттық комиссия мүшелері осы орайда әйелдер қауымы бүгіндері кәсіпкерлікте де, мемлекеттік қызметте де, жалпы, барлық салада табысты еңбек етіп жүргенін жеткізді. 

Абай Сарқұлов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы:

- 25 мыңдай әйелге қолдау көрсеттік. Біздің бағдарламамыз көп. «Бизнестің жол картасы», жаңадан шыққан «Еңбек» бағдарламасы. Сонымен қатар, осыған халықаралық институттар қатысып жатыр. Қаржылық институттар да бізге көп қаржы бөліп жатыр. Оларды айтатын болсақ, осы бағдарламалар бойынша 16 мыңнан астам әйел кәсіпкерге қолдау көрсетілді.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу