«Men Qazaqpyn» жобасы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Men Qazaqpyn» жобасы жалғасуда

06.06.2018

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Men Qazaqpyn» жобасы жалғасып жатыр. Қазір өңір-өңірлерде іріктеу кезеңдері аяқталуға жақын. Еліміз бойынша 176 елді мекендегі тур артта қалды. Биылғы мегажобаға қатысуға ниет білдірген үміткерлер де былтырғымен салыстырғанда 2 есе көп. Олардың ішінде Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Моңғолия елдерінде тұратын қандастарымыз да бар. Телевизиялық нұсқасының алғашқы саны қыркүйек айынан бастап көрсетіледі. Ал, ақтық кезеңі 2018 жылдың 16-желтоқсанына жоспарланып отыр. 

Қуаныш Сүлейменов, «Qazaqstan» Ұлттық арнасы Арнайы жобалар бөлімінің жетекшісі:

- Былтыр біз облыс орталықтарында ғана және басқа мемлекеттерде өткізіп жатсақ, биыл барлық елді мекендерді қамтуға тырысып жатырмыз. Яғни, ауылды жерлерде, аудан орталықтарында іріктеу турлары өткізіліп, облыста кілең мықтылар ғана шығып, өздерінің өнерін ортаға салмақшы.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу