Қарағандыда «Smart Сity» жобасы сәтті жүзеге асуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Smart Сity» жобасы сәтті жүзеге асуда

06.06.2018

Қарағанды көшелеріне ерекше сәкілер қойыла бастады. Олар көпшіліктің дамылдайтын орны ғана емес, бірнеше қосымша қызметтерді атқарады. Сәкілер Күн сәулесінен қуат алатын батареялармен жабдықталған. Соның арқасында бір мезетте бірнеше ұялы телефонды қуаттауға болады. Бұған қоса тегін Wi-Fi таралымы да бар. Тұрғындар кез келген уақытта 4G мобильдік интернетін пайдалана алады. Қазір Бұқар жырау даңғылындағы сауда үйінің алдында онға жуық осындай орындықтар тұр. Алдағы уақытта олардың қатары көбейе түспек. Өңірде «Smart City» жобасы қолға алынған болатын. Соның негізінде қала инфрақұрылымына замануи технологиялар біртіндеп еңгізілмек. 

Мөлдір Үсенова, қала тұрғыны:

- Құрбым екеуміз өтіп бара жатқанбыз. Мына ақ орындықтар не нәрсе деп қарадық. Сөйтсек, USB қосылады екен. Құрбымның телефонының қуаты таусылып қалған еді. Қуатқа қойып алды. Сондай-ақ, бұл жерде Wi-Fi бар екен.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу