«Лукойл» мен «ҚазМұнайГаз» «Жеңіс» блогы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Лукойл» мен «ҚазМұнайГаз» «Жеңіс» блогы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойды

06.06.2018

«Лукойл» және «ҚазМұнайГаз» компанияларының басшылары Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Жеңіс» блогы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойды. Оның аясында тараптар консорциум қалыптастырып, белгіленген учаскеде жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін құзіретті органдармен келіссөздер жүргізуін қарастырмақ. Айта кетейік, «Жеңіс» блогы Каспий теңізінің қазақстандық секторында 75-100 метр тереңдікте ораласқан.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу