Бақытжан Сағынтаев менингококк инфекциясына қатысты есеп беруді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев менингококк инфекциясына қатысты есеп беруді талап етті

05.06.2018

Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елде тараған менингитке қатысты жағдайға алаңдап, пікір білдірді. Оның ойынша, жауапты министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр. Менингит инфекциясының таралуы көнуге болмайтын жағдай. Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев та Қазақстандағы менингококк инфекциясына қатысты есеп беруді талап етті. Сағынтаев халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін мәлімдеді. «Әрбір болып жатқан жағдай халыққа жіті түсіндіріліп, бұл жұмыстар белсенді жүргізілуі керек», -  деді Үкімет басшысы.

Хабарламаларға жазылу