Астанада «Ақылды домофондар» пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ақылды домофондар» пайда болады

04.06.2018

Алдағы уақытта Астанада «Ақылды аудандар» пайда болады. Мамандар оның жобасымен таныстырды. Алғашқы технологиялардың бірі - «ақылды домофон» болмақ. Құрылғының ерекшелігі сол, оған орнатылған камера арқылы тәулік бойы кіреберіс маңын қадағалауға болады. Бұдан басқа әлеуметтік ақпараттандыруға, тұрғындар арасында сауалнама жүргізуге, шұғыл көмекке шақыруға және мобильді қосымша арқылы телефон байланысын басқаруға да болады. Жоба ішінде қоқыс алаңын да жаңа технологиямен жабдықтау қарастырылған.  

Олжас Сартаев, «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы:

- Біз тұрғындардың өмірін жеңілдету үшін ең қызықты және пайдалы технологияларды табуға күш жұмсадық. Біздің міндетіміз - инновациялар арқылы тұрғындардың мәселесін шешуге мүмкіндік беретін және жайлы өмірді қамтамасыз ету үшін экологиялық ортаны құру.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу