Алаш арысы Темірбек Жүргеновтың туғанына биыл 120 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаш арысы Темірбек Жүргеновтың туғанына биыл 120 жыл толды

01.06.2018

Саяси қуғын-сүргінге ұшыраса да, елі үшін аянбай еңбек еткен Алаш арыстарының бірі Темірбек Жүргеновтың туғанына биыл 120 жыл толды.

Осыған орай, тау тұлғаның ескерткішіне бір топ ұстаздар мен жастар гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Сондай-ақ, Темірбек Қараұлының еңбектерін өскелең ұрпақтың жадында жаңғырту үшін жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды. Жалпы, елімізді әлем елдерімен терезесі тең мемлекет етуді көздеген қайраткер оқу-ағарту және мәдениет саласында үлкен із қалдырған. «Сондықтан, оның өнегелі ісін, өнер өлкесіне қадам басқан бүгінгі буын ешқашан ұмытпайды», - дейді оқытушылар.

Сәпен Аңсатов, «Темірбек Қараұлы Жүргенов»  атындағы қоғамдық қордың төрағасы:

- Алаштың ардақтыларын ұлықтау үшін осындай шаралар көбірек өтуі керек. Біз тек еске алып қана қоймай, олардың өмір жолдарын өнеге етуіміз қажет. Ұрпақтардың жадына үнемі салып отыруымыз абзал.  

Руслан ҚОСАНОВ

Хабарламаларға жазылу