Алматы облысының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарының еңбегіне арналған музей салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарының еңбегіне арналған музей салынып жатыр

31.05.2018

Алматы облысының Талғар ауданынағы Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арыстардың еңбегін мәңгілік есте қалдыру мақсатында музей салынып жатыр. Аумағы 535 шаршы метр болатын кешеннің құрылыс жұмыстарына облыс бюджетінен 288 млн. теңге қаржы бөлінген.

Жыл соңына дейін бітеді деп жоспарланған нысанның құрылыс жұмысын көруге келген облыс әкімі Амандық Баталов қуғын-сүргін құрбандарына арнап қойылған ескерткішке тағзым етті. Азалы жиында көпшілік азаттық жолында жан аямай еңбек еткен ерлердің рухына құран бағыштап, гүл шоқтарын қойды. Тарихшылардың дерегі бойынша, 1929 жылдан бастап, 1953 жылға дейін жалпы Кеңес елінде 40 млн. адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Бұл оқиғалардан 4,5 миллиондай Қазақстан азаматы зардап шекті. Дегенмен, кеңестік билік қазақтың тауын шағып, еңсесін баса алмады.  

Жұмабек Ашуұлы, Республикалық саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы:

- Біздің тарихымыз, зұлмат тарихы, зобалаң тарихы енді-енді ашылып, енді-енді кең етек жайып келе жатыр. Сондықтан, Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін тарихымызды білуіміз керек. Қандай қиянат, қиындық болса да, соны жас ұрпақққа жетікізе білуіміз керек. Сөйтіп барып өмірдің, Тәуелсіздіктің, бостандықтың не екенін түсінеді.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу