Еліміздің жартысына жуығы газбен қамтылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің жартысына жуығы газбен қамтылған

31.05.2018

Қазір еліміздің 47,4 пайызы газдандырылған. Демек, 1320 елді мекен көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Бүгін қоғамдық кеңес алдында есеп берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. «Сарыарқа» газ құбыры 2019 жылдың желтоқсанына дейін салынып бітеді. Жоба құны 267 млрд. теңге. Ал, елорда іргесіне әкелінген газды ауыл, үйге тарату жергілікті әкімшіліктің ісі. Жоспарға сай ең алдымен «Көктал-1» және «Көктал-2» мөлтек аудандарына сұйық отын беріледі. Министрдің айтуынша, жанар-жағармай нарығындағы жағдай тұрақты. Естеріңізде болса, осы аптада Ресейде бензин қымбаттаған болатын. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Тұтынатын бензиннің 83 пайызын отандық мұнай өңдеу зауыттары қамтып отыр. Дизель бойынша 95 пайыз болса, авиакеросин 58 пайыздан астам. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырсақ, анағұрлым жоғары көрсеткіш.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу