Балалар күніне орай 5000 балмұздақ тегін таратылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар күніне орай 5000 балмұздақ тегін таратылады

31.05.2018

Ата-аналар арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, қазақстандық балалардың шамамен 47 пайызы түрлі демалыс орындарында, теңіз жағалауында демалса, 23 пайызы жазғы лагерлерге, ал, қалғаны ауылда, ата-әжесінің қасына жіберіледі екен. Кейбір үлкендер жазғы уақытта балғындарды түрлі үйірмелерге қатыстырып, уақытын тиімді өткізгені жөн деп санайды. Дегенмен, елімізде бүлдіршіндердің көңілін көтеретін сан алуан саябақтар да баршылық. Соның бірі БҰҰ елдері арасында көлемі жағынан бірінші орынды алатын «Happylion» паркі. Мұнда аттракциондар, кәсіп таңдау бекеті, дельфин ойындары және шағын мейманхана жұмыс істейді. Ашылғанына бір жыл болған орталық ертеңгі балалар мерекесіне де біраз тосынсыйлар әзірлеген. Басты сыйлық - тегін балмұздақтардың үлестірілуі.

Ләззат Тұрсынбаева, Балалар ойын-сауық орталығының басқарушы директоры:

- Ертең 1-маусым. Көптеген қызық ойындар болады. Акциялар болады. Біз 5000 дана балмұздақ таратып, балаларға үлкен мейрам жасағымыз келеді.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу