Көкшетаулықтардың жылуға қарызы 460 миллион теңгеге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулықтардың жылуға қарызы 460 миллион теңгеге жетті

29.05.2018

Қарызды өндіріп алу үшін жауапты мекеме қызметкерлері жеке сот орындаушылармен бірлесіп арнайы рейд ұйымдастырды. Тексеру кезінде  тұрғындардың жеке мүліктерін тәркілеуге акт жасалып, қарызды өтеу мерзімі белгіленді. Жылу тарататын мекеме өкілдері борышкерлерге қатаң шара қолдануға мәжбүр. Енді олардың ісі бірден сотқа жіберілмек.   

Рүстем Досмурзин, жеке сот орындаушысы:

-Тұтынушылар қарыздарын өтемеген жағдайда банктегі есепшоттарын бұғаттап, жеке және жылжымайтын мүліктерін тәркілейтін боламыз. Күн сайын телефонмен ескерту жұмыстары жүргізіледі Сонымен қатар, қарызды өтемегеніне 2 ай өткен соң, әкімшілік жауапкершілікке, одан әрі төлемеген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.     

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу