«Қолдайық ауыл мектебін» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қолдайық ауыл мектебін» акциясы басталды

29.05.2018

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ашылғанына - 10 жыл. Осыған орай «Қолдайық ауыл мектебін» акциясы басталды.  

Онда мектеп ұжымы шалғай елді мекендердегі білім ошақтарына әлеуметтік көмек көрсетті. Мәселен, Қарғалы ауылындағы №3 мектепке келген зияткерлік білім беру мекемесінің ұстаздары мен оқушылары концерт қойды.

Сондай-ақ, әлеуметтік көмек ретінде 400 кітап пен 100 түп гүл және 3D принтерін тапсырды. Оқушыларды жаңа программалық жобаларды модельдеуге үйрететін құрылғыны «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» білімгерлері жасаған. Сондықтан, оның жұмыс істеу механизмі оңай әрі тиімді. Бұл 3D принтері арқылы кез келген пішіндегі затты тез арада жасап шығаруға болады. Оқушылар болашақта осы жобалары арқылы еліміздегі ірі кәсіпорындардың өндіріс қуатын арттырып, жұмысын оңтайландыруды көздейді.     

Айгүл Исмайылова, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:  

- Бұл акцияның басты мақсаты - ауыл мектептеріне қолдау көрсету, зияткерлік мектептердің тәжірибесін тарату.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу