Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде симпозиум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде симпозиум өтті

23.05.2018

Жерасты байлығын ысырап қылмаудың ең тиімді жолы - салаға инновациялық технологияларды енгізу. Бұл тақырып бүгін Қазақстан мен Жапонияның ғалымдары қатысқан халықаралық симпозиумда талқыға салынды. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану барлық жағынан да тиімді. Экономиканы өсіріп, экологияны тазартады. Шетелдік меймандар Жапонияның экономикалық, экологиялық, инновациялық саясаты салаларында жаңа басқару тәсілдерін таныстырды, Қазақстанның тәжірибесін зерттеді. Ғалымдар қос тарапқа да тиімді болатын жобаларын ұсынды.

Учида Хирохиза, «Хонда» қорының директоры:

- Қазақстанда зымыран ұшыратын «Байқоңыр» кешені бар. Жерасты табиғи байлыққа толып тұр. Ал, Жапонияда керісінше. Ғарыш айлағы да, жерасты ресурстары да жоқ. Есесіне біз адами фактордың күшімен бұл кемшіліктің орнын жауып отырмыз. Яғни, аз ғана нәрсені алып, тиімді пайдалануды үйрендік. Біздің тәжірибе Қазақстанға көп көмек беретініне сенімдімін.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу