Алматы облысында IT орталықтар мен сыныптарды ашу көзделген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында IT орталықтар мен сыныптарды ашу көзделген

22.05.2018

Алматы облысы басшылығы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Нұр Отан» партиясымен меморандумға қол қойды. Мақсат- аймақтағы цифрландыру деңгейін арттырып, осы бағытта бірлесе жұмыс істеу. Осы уақытқа дейін партия филиалы 7 әлеуметтік жобаны іске асырған. Бұдан былай бекіген құжат негізінде 22 жаңа жоба іске асырылмақ.

«Цифрлық  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында  IT орталықтар мен сыныптарды ашу көзделген.  Білім ошақтарында көпшілік жаңа технологияның қыр-сырын тегін игере алады. Сондай-ақ, мемлекеттік жекеменшік әріптестік саласында да цифрландыру ісі жетілдіріледі.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу