Атырауда 2 жеткіншек лифттің шахтасына құлап, мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 2 жеткіншек лифттің шахтасына құлап, мерт болды

22.05.2018

Қайғылы жағдай  кеше кешкісін Алмагүл ықшам ауданында тіркелді. Тұрғындардың айтуынша, екі бала көпқабатты үйдің 15-ші қабатынан жеделсатыға мінбек болған. 

Жүк тасымалдайтын жеделсаты істен шыққан көрінеді. Бірі оқиға орнында, ал екіншісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жеделсатыға жауапты «Каспий Лифт» мекемесі. Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу