Астанада «Бір отбасы– бір ағаш» атты ерекше акция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Бір отбасы– бір ағаш» атты ерекше акция басталды

21.05.2018

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерекше акция басталды. Жоба «Бір отбасы– бір ағаш» деп аталады. Шара №67 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Оқушылар, ата-аналар бірлесіп, білім ордасының маңайын көркейтуге атсалысты.

Басты идея - ата-бабадан қалған өсиетті жастардың бойына сіңіріп, ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру. Басталған жоба аясында жүздеген ағаш бір уақытта отырғызылды. Игі шара ата-аналардың көңілінен де шықты.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу