Мuslim.kz ресми порталының жаңартылған нұсқасы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мuslim.kz ресми порталының жаңартылған нұсқасы шықты

17.05.2018
Мuslim.kz ресми порталының жаңартылған нұсқасы шықты

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің Мuslim.kz атты ресми порталының жаңартылған нұсқасы шықты. Бұл сайт оқырмандар арасында танылып үлгерген. Жұртшылық жаңалықтар, мақалалар, сұрақ-жауап айдары мен аудио және бейне қосымшаларын бұрыннан пайдаланады. Бірақ, Рамазан айында көпшілік тарапынан басқа да сұрақтар жиі жолданады. Мысалы, намаз оқып үйрену.

Осыны ескерген мамандар бейнелі намаз қосымшасын енгізіп, сүре мен дұғаларды жүктеген. Сондай-ақ, аудио жазбаларды ұялы телефонға көшіріп алуға мүмкіндік бар. Тағы, имандылық тестінен өтіп, әр адам өзінің Ислам туралы білім деңгейін тексере алады. Мұның бәрі Мұсылмандар діни басқармасына қарасты сайттардан бөлек, теріс идеологиясын жүргізіп отырған порталдардан қорғану мақсатында жасалып отыр. 

Айдос Имантаев, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы Мuslim.kz сайтының редакторы:

Бұл айда адамдар имандылыққа бет бұрып, тақуалығын арттырып, Құран оқып, намаз үйренуге ниеттеніп жатады. Біздің ашылып отырған сайтымыз Рамазан айында адамдардың намазға жығылып, болмаса дінге келуіне септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу