Павлодарда батыр ұландарға мемориал орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда батыр ұландарға мемориал орнатылды

15.05.2018

Павлодарда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция және қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлеріне арналған мемориал ашылды. Мәрмәр тастан қашалған тақтада 21 мен 35 жас аралығындағы тоғыз азаматтың суреті тұр.

Олар Алматы,  Жамбыл, Қарағанды,  Павлодар облыстарының тумалары. Бәрі де бейбіт өмірде қаза тапты. Соңғы демі қалғанша ел тыныштығын қорғау үшін мерт болғандардың бірі-Бауыржан Нұрмұханбетов. Полицияның арнайы батальон капитаны 2016 жылдың 18 шілдесі күні Алматыда болған терактіде оққа ұшты. 

Болат АМАНБАЕВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу