Әділ үкім сотқа деген сенімді күшейтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділ үкім сотқа деген сенімді күшейтеді

15.05.2018

Елімізде негізсіз қылмыстық тергеуге алу фактілері әлі кездеседі. Биылғы жылдың алғашқы 4 айының өзінде Жоғарғы сот кінәсіздігі дәлелденген 7 адамға қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бұл туралы сала мамандарының қатысуымен өткен дөңгелек үстелде айтылды. Сонымен қатар, жиында соттың әділ шешім шығаруына кедергі келтіретін бірнеше себептер аталды. Ең алдымен, азаматтардың құқықтарын, әсіресе, сотқа дейінгі кезеңде қамтамасыз ету бойынша тергеу судьяларының жұмысын жетілдіру керек.

Сондай-ақ, алқабилер сотының соттылығын толығымен аса ауыр қылмыстар санатына жатқызу ұсынылды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша, алдағы жұмыста ескеру үшін тиісті ұсыным әзірленді.

Абай Рахметулин,  Жоғарғы соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

- Қылмыстық іс сотқа түскенде судья тек айыптау дәлелдемелерімен ғана танысады. Өйткені, заңнамаға сәйкес, прокурор судьяға қылмыстық істі жібереді. Судья сотталушыны айыпты деп қабылдайды. Біз енді қорғаушы тарап та өз ұсынымдарын беруі қажет деп есептейміз. Мәселен, прокурор сотқа айыптау актісін жіберсе, қорғаушы қорғау актісін жібереді. Осылайша, сот тарапынан істі қарау барысында екі тарапқа бірдей мүмкіндік беріледі.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу