Үкімет басшысы алдағы жылыту маусымына дайындықты осы күннен бастап кетуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы алдағы жылыту маусымына дайындықты осы күннен бастап кетуді тапсырды

15.05.2018

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев алдағы жылыту маусымына дайындықты осы күннен бастап кетуді тапсырды. Премьер-Министр өткен жылыту маусымында Қазақстанның бірқатар аймағында көмір тапшы болғанын, салдарынан оның құны шарықтап кеткенін еске салып өтті. Сол себепті, бұл олқылық қайталанбас үшін Энергетика министріне бұл бағыттағы жұмыстарды үнемі бақылауда ұстауды, ал, облыс әкімдеріне жылу-энергиямен жабдықтау, коммуналдық сектордағы жөндеу жұмыстары дер кезінде орындалуын тапсырды.

Сондай-ақ, Үкімет отырысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың барысы да талқыланды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бұл бағыттағы жұмыстар жөнінде баяндап беріп, ұсыныстарын айтты. Министр ауыл тұрғындарына кейбір қызметтерді жеңілдік шарттарымен рәсімдеуге мүмкіндік беру қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ, тіркелмеген жылжымайтын мүліктерді заңдастыруды тежеп тұрған түйткілдерді айтып берді. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Тіркелмеген жылжымайтын мүлік нысандарының болуының негізгі себептері мынадай факторларға байланысты: рәсімделмеген жылжымайтын мүлік нысандары; меншік иесінің Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуі; құқық белгілейтін құжаттарының болмауы; жеке тұлғалардың құжаттарды рәсімдеуге ақшалай қаражатының болмауы және басқалар.

Альбина ӘШІМ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу