Цифрландыру бойынша әр жоба экономикалық нәтиже беруі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрландыру бойынша әр жоба экономикалық нәтиже беруі керек

11.05.2018

Цифрландыру бойынша әр жоба экономикалық тұрғыдан нәтижелі болуы тиіс. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры соған баса көңіл аударып отыр. Бүгін қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев қор топтарын цифрландыру жөнінде әңгімелесті. Жиынға қоржындық компаниялардың жетекшілері де қатысты. Бәрінің көздегені бір. Әр жоба бәсекелестік басымдыққа ие болып, тұтынушылардың ризашылығы, жаңа технологияларды жасау және негізгі өндірістен тәуекелдерді арылту тұрғысында жүзеге асырылуы керек. Мұндағы түпкі мақсат – барынша мол табыс табу. 

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Үкіметтің өкілі ретінде менің өтінішім бар. Бұл жұмыстың екпінін бәсеңдетпей, белсенді түрде жалғастырайық. Мұндағы барлық жобалар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына енгізілді. Біз Сіздердің қызметтермен ақпарат алмасу бойынша нақты байланыс орнатамыз. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу