«Нұр Отан» партиясы жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясы жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылды

11.05.2018

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев үкіметтік емес ұйымдар мен іскерлік орта өкілдерімен кездесті. Онда қазіргі жағдайдағы Қазақстан дамуының негізгі міндеттерін шешуге азаматтық қоғам институттарының қатысу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылды.

Одан бөлек, партия мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі жол картасы бекітілді.

Айта кету керек, жуырда «Нұр Отан» партиясы әлеуметтік жобаларға қолдау білдіру мақсатында үздік әлеуметтік жобалар байқауын жариялаған болатын. Сол арқылы партия үкіметтік емес ұйымдарды еліміздегі қоғамдық-саяси өмірге көптеп тартуды көздейді.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Халыққа үнемі қолұшын созып, түрлі әлеуметтік жобаларды табысты жүзеге асырып келе жатқан қоғамдық ұйымдар мен институттарға қолдау көрсету - партиямыздың басым бағыттарының бірі.  Сондықтан, партия бірлесіп жұмыс істеуге қашанда дайын.  Күшіміз бен әлеуетімізді біріктіру арқылы еліміздегі өзекті мәселелердің оңтайлы шешілуіне жол ашамыз. 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу