Астанадан солтүстік және оңтүстік Аралға ғылыми-танымдық экспедиция аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадан солтүстік және оңтүстік Аралға ғылыми-танымдық экспедиция аттанды

10.05.2018

Бас қаладан басталған сапар Қазақстан мен Өзбекстан аумағындағы шамамен жеті мың шақырым жерді қамтиды. Құрамында 20 адамы бар экспедиция Арал суынан сынама алып, оның пестицидтермен ластануы туралы мәлімет жинайды. Алынған материалдар өткен онжылдық деректерімен салыстырылады. Бұл солтүстік және оңтүстік Аралдың экожүйесін дамыту туралы алдын ала тұжырым жасауға жол ашады. Экспедиция мүшелері 20 күннен кейін елордаға оралады. Айта өтейік, бұл - «QazaqGeography» ұлттық географиялық қауымдастығының Аралға жасап отырған үшінші сапары. Алғаш рет 2016 жылы барған болатын.

Нұржан Алғашов, «QazaqGeography» Қазақстан ұлттық география қоғамының менеджері, экспедиция басшысы: 

- Тараз, Шымкент қалалары арқылы Өзбекстанға кіреміз. Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Үргенш арқылы оңтүстік Арал теңізіне жетеміз. Сосын Бейнеу арқылы Қазақстан жағына шығамыз. Қазақстан жағынан солтүстік Аралды зерттейміз. Ғылыми тұрғыдан зерттеу үшін он шақты судың сынамаларын аламыз.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу