Отандық өнім бәсекеге түсе ала ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық өнім бәсекеге түсе ала ма?

16.04.2014
Отандық өнім бәсекеге түсе ала ма?
Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан кейін үш елдің тауарлары бірдей дәрежеде саудаға түсуі тиіс. Осы мәселеге келгенде жұртшылықтың алаңдайтын реті бар. Біздің өнім олармен тең бәсекеге қабілетті ме?
 
Махамбетәлі Әбдіхамитұлы, Астана қаласының тұрғыны:
Еуразиялық экономикалық одақ аясында біздің отандық өнімнің сапасы бәсекеге түсе алады ма?
 
Құттықожа Ыдырысов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Егер қажетті деп танылса, сапасы жақсы болса, қай елге болсын  кедергісіз өтеді. Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі біздің тауарлардың экспортқа шығып жатқанын мәлімдеуде. Біздің өнімдер бәсекеге қабілетті.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу