Қазақ топырағымен біте қайнасып кеткен түрік ағайындардың бірі – Омарәлиевтер әулеті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ топырағымен біте қайнасып кеткен түрік ағайындардың бірі – Омарәлиевтер әулеті

04.05.2018

Қазақ пен түрік түптамыры терең, діні мен ділі ортақ бауырлас халық. Еліміз егемен ел атанған тұста Тәуелсіздігімізді алғашқы болып мойындаған Түрік халқы. Бүгінде Түркияда 15 мыңның үстінде қазақ тұрады. Ал, қазақ топырағын атажұртым деп, бауырымен біте қайнасып кеткен түрік ағайындар да жетерлік. Солардың бірі - Омарәлиевтар отбасы.

Омарәлиевтер отбасын дәрігерлер әулеті деп атауға болады. Әбубәкір атасы мен ағалары секілді осы мамандықты таңдап, өмірін медицинамен ұштастырған азамат. 2010 жылы ОҚО Түркістан қаласынан Петропавлға арнайы шақыртумен келді.

Әбубәкір Омарәлиев, Петропавл қалалық №3 емхананың жұқпалы аурулар дәрігері:

- Жұқпалы аурулар дәрігері қажет болғандықтан бастығымыз сол оқуға өзі жіберді. Оқып, оқуды бітіріп, қайтадан № 3 қалалық емханада жұмысымды бастадым, 5 жылдай сол жерде жұқпалы аурулар дәрігері болып істедім. Одан кейін жалпы тәжірибелік дәрігер қажет болды, бір айлық оқудан өтіп, жалпы тәжірибелік дәрігер болып қайтадан бастадық. Қазір дежурнатор, ортерантор, инфекционист болып жұмыс істеп жүрміз.

Әбубәкір жұбайы Русиямен отауласқанына 8 жыл. Бүгінде Расул мен Башир есімді екі ұлы бар. Немерелерін сағынған атасы да Түркістан қаласынан жиі келіп, баласына ақылын айтып, қос құлынын еркелетіп кетеді. «Түрік халқы мен қазақтардың мәдениеті мен дәстүрі, тілі мен діні және тәлім-тәрбиесі өте ұқсас келеді», - дейді қария.

Мұрат Омарәлиев, әкесі:

- Қазақтар мен түріктердің мәдениеті бір-біріне өте ұқсас келеді. Тойымыз да ұқсайды.  

СҚО-да бүгінде 40-қа жуық қандас бауырымыз күн кешуде. Тарихы мен мәдениті өзара ұштасқан, тілегі мен жүрегі бір бауырлас халықты ешкім  бөліп-жармайды. Қазақ жерінде түтінін түтетіп, тамырын тереңге жайған ұлттар елдің ертеңіне сеніммен қарайды.

Самат САПАРАЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу