Кореялықтар қазақстандық агроөнеркәсіп кешеніне үлкен қызығушылық танытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кореялықтар қазақстандық агроөнеркәсіп кешеніне үлкен қызығушылық танытты

04.05.2018

Оңтүстік Қазақстан облысының басшылары Оңтүстік Кореяда өткен инвестициялық форумға қатысып, екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды жақсартуға байланысты бірқатар жобаларды мақұлдады. Шетел инвесторлары басқосуда негізінен туризм және химиялық өнеркәсіп салаларында әріптестік орнатуға мүдделі екенін танытты. 

Сондай-ақ, олар ауыл шаруашылығы саласында да бірлесіп жұмыс атқаруға ниетті. Өйткені, Оңтүстік Кореяда егістік жердің көлемі аз. Оның үстіне жергілікті ауа райы да ауыл шаруашылығында мол өнім алуға қолайсыз. Бүкіл елдің егістік алқаптан бір жылда жиып алатын азық-түлік қоры Оңтүстік Қазақстан облысының үлесіне жетер-жетпес. Сондықтан, кореялықтар қазақстандық агроөнеркәсіп кешеніне үлкен қызығушылық танытты. Әрі өңірдегі курортты аймақтарды дамытуға қаржы құю туралы келісімдер жасалды. 

Олжас Шынтаев,  Туризм және сыртқы байланыстар  басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Ханва тобымен бірге Сарыағаш ауданындағы курортты қалашықты одан әрі дамыту, ол жерде термалды курорттар және гольф клубтар салу, оны ары қарай дамыту жоспары келісілді. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу