Бірлік күні елімізде 1996 жылдан бері тойланып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірлік күні елімізде 1996 жылдан бері тойланып келеді

01.05.2018

Бейбітшілік пен келісім, бірлік пен достық секілді құндылықтар дәріптелетін ең маңызды мерекелердің бірі - Қазақстан халқының бірлігі күні елімізде 1996 жылдан бері тойланып келеді. 1995 жылдың 18 қазанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды жаңаша атау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін 1 мамыр - Еңбекшілер күні болып аталып өткен. Қазір бұл мемлекеттік мереке ретінде күнтізбеге енгізіліп, демалыс күні болып белгіленді. Халықтың бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын бұл күн еліміздің түкпір-түкпірінде тойланады. Мерекелік шеру өтіп, бұқара сауық құрып, сан ұлттың достығы мен татулығы паш етіледі.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу