Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні

01.05.2018

Ынтымақ пен бірліктің мерекесін алып шаһардағы ағайын да ауқымды түрде атап өтуде. Қазір қаланың бірнеше алаңында этномәдени бірлестіктердің өкілдері бас қосып, мерекенің шырайын кіргізуде. Сондай салтанатты шаралардың бірінен тілшіміз Лаура Қуанышқызы тікелей эфирге шықты.

Бүгін алматылықтардың көңіл-күйі керемет. Алып шаһардың барлық демалыс орны мен саябағында жүздері жайнап, сәбиі ойнап, мейрамды тойлап жүрген халық көп. Біз Республика сарайының алдында тұрмыз. Мұнда мерекелік концерт өтіп жатыр. Сондай-ақ, бірнеше этнос өкілінен құралған көркем өнерпаздар ұжымы бірліктің әнін бірге айтып, достық құшағын ұлғайтуда. Осылайша, олар бір-бірінің мерейін өсіріп, мәз-мейрам. Әр этнос өкілдері өз мәдениетінен көрініс көрсетіп, сайысқа түсуде. 

Жалпы, бүгінгі мерекелік шаралар кешке дейін жалғасады. Қазақ елінің мерекелі бірлігі мен осындай жайма шуақ тірлігі азаймасын, үзілмесін дегіміз келеді.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу