Алматыда VII республикалық Құран жарысының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда VII республикалық Құран жарысының жеңімпаздары анықталды

27.04.2018

Алматыда VII республикалық Құран жарысының жеңімпаздары анықталды. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық қари қатысты. Үміткерлер 4 аталым бойынша өзара бақ сынап, жаттау қабілеті мықты қариды анықтады. Мәселен, біріншісі, Құранды толық жатқа айту. Екінші, Құранның 20 бөлімін жатқа оқып шығу. Үшінші, Құранның 200 бетін, 10 бөлімін жатқа айтып беру.

Ал, соңғысы Құранды көркем дауыспен мәнерлеп оқу арқылы көрерменді тәнті ету. Жалпы, жыл сайын ауқымы кеңейген бұл жарыс имани құндылықтарды насихаттап, қоғамдағы діни сауаттылықты арттыруға негізделген. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Құранның отыз парасын толық жаттаған қари Нағим Серікұлы жеңімпаз атанып, жаңа көлік мінді. Ал, қатарынан үздік шыққан басқа да жүлдегерлерге қаржылай сыйақы берілді.

Нағим Нағманов, қари, Құран жарысының жеңімпазы:

- Қобалжулар болды. Алла өзі бір сәтін салсын деп дұға қылдық. Құранды Алматы қаласында Көк төбе медресесінде жаттағанмын. Ұстаздарым Данияр, Жұманазар деген кісілер. Ол кісілерге де Алла разы болсын.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу