«Qazaqstan» қосымшасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» қосымшасы таныстырылды

25.04.2018

Келесі жаңалық өз өмірін смартфонсыз елестете алмайтын көрермендерге арналады. Бұдан былай, Ұлттық арна жаңалықтарын «Qazaqstan» қосымшасымен ұялы телефон арқылы кез келген сәтте көруге болады. «Қысқа уақытта іске асырылған жоба отандық медиа нарықтағы қосымшалардың көшбасшысы атанады», - дейді жоба авторлары. Мобильдік қосымша арқылы «Қазақстан» корпорациясына тиесілі үш арнаның бағдарламаларын көруге болады. Мәселен, түнде шығатын футболды қосымша арқылы ертеңінде қолайлы уақытта тамашалай алады. Сонымен қатар, корпорацияға тиесілі радиоларды да тыңдауға болады. Жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асты.     

Абай Серғазиев, «Ғаламат» ЖШС жетекшісі:

- Қосымшамыз 1,5 айда жасалды. Артықшылығы, машиналық оқыту қолданылды. Видеостримді де жақсарттық. Ол «ютюбтегі» секілді. Интернет нашар болса да, біздің қосымшадан дұрыстап көре аласыз.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу