Елімізде жемқорлық дерегі 18 пайызға азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жемқорлық дерегі 18 пайызға азайған

25.04.2018

Елімізде жемқорлық дерегі былтырмен салыстырғанда 18 пайызға төмендеген. «Бұл заңсыздықтардың алдын алуға бағытталған шаралардың нәтижесі», - дейді мамандар. Маңғыстауға жемқорлыққа қарсы арнайы мониторинг тобы барды. Олар аудандар мен қалалардағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарын, Мемлекеттік кірістер департаментін, Денсаулық сақтау ұйымдарын тексеріп, жұмысымен танысты. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орталықтардағы жағдайды көріп, тұрғындардың пікірлерін тыңдады. 

Арман Бердалин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:

- 2016 жылы 180-нен астам мемлекеттің ішінен біз 131-орында тұрғанбыз. Қоғам белсенділерінің арқасында жұртпен бірге жұмылып жасаған жұмысымыздың нәтижесінде 2017 жылы біз 9 сатыға көтеріліп, қазір 122 орынға тұрақталдық. Біз жемқорлық ең көп тараған, қауіпті деген елдердің қатарынан шықтық. Алдағы мақсат - бұдан да зор көрсеткіштерге жету.

 

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу