Қайта қаржыландыру бағдарламасы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайта қаржыландыру бағдарламасы қабылданды

25.04.2018

Ұлттық банк еліміздегі түйткілді қаржылық мәселелерді оңтайландыру үшін қайта қаржыландыруға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банкте өткен басқосуда қаржыгерлер айтты. Олардың сөзінше, жоба негізінде шетелдік валютамен депозит ашып, ипотекалық жинаққа ақша салған азаматтардың валюта бағамының өзгеруі кезіндегі айырмашалық қаржысы төленеді. Мәселен, 2014 жылы 24 сәуірде түзілген қайта қаржыландыру бағдарламасының бірінші бөлігінде шетелдік валютамен несие алғандар ілінбей қалған. Ал, биыл 27 наурызда қабылданған бағдарламаның екінші бөлімінде бұл кемшіліктер ескерілді. Демек, енді 2004 жыл мен 2016 жылға дейінгі аралықтағы түйткілді қаржылық мәселелерге капитализация жасалып, курстық айырмашылық төленеді. Екінші деңгейлі банк 2015 жылғы 15 тамыздағы АҚШ доллары бағамымен, яғни, 188,35 мөлшері бойынша қайта қаржыландыруды бастайды. Сондықтан, бұл еліміздің барлық азаматтарына қаржылық мәселесін реттеп алуға мүмкіндік бермек.     

Шолпан Ризабекова, «Ел бірлігі» қоғамдық ұйымдар одағының президенті:

- Бағдарламаның жалпы мерзімі 20 жыл. 2015 жылдан бастап 2035 жылға дейін мұның өзінің қызметі жұмыс жасайды. Заңды түрде ол күшіне енген, бекітілген. Ал, мына арыз беру мерзімі тек қана 2018 жылдың31 желтоқсан ынадейін. Оны міндетті түрде барлық қазақстандықтарға несие алып және несие алып отырған күнде де жағдайлары шешілмей қалған екінші деңгейлі банктерге барып, өздерінің арыздарын шұғыл түрде беруін ұсынар едім. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу