«Нұр Отан» мен «Единая Россияның» партиялық құрылымдарының арасында әріптестік нығая түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» мен «Единая Россияның» партиялық құрылымдарының арасында әріптестік нығая түспек

24.04.2018

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Ресейдің партиялық делегациясын бастап келген «Единая Россия» партиясы Бас кеңесі хатшысының орынбасары Сергей Железнякпен елордада кездесті. Әріптестікті бекіте түсу жайын сөз етті. Қауіпсіздік пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім екі елдің де басты байлығы. Келелі кеңес барысында Мәулен Әшімбаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа әлеуметтік бастамаларымен, сонымен қатар, «Нұр Отанның» партиялық жаңғыру аясында жүзеге асыратын жобаларымен таныстырды. Көрші елдің делегаттары батыспен бауырлас, шығыспен тамырлас Қазақстанның жарқын бастамаларына оң бағасын берді. Партиялар арасында 2020 жылға дейін өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. 

Сергей Железняк, «Единая Россия» Партиясы Бас кеңесі хатшысының орынбасары:

- Біз барлық бастамаларды қолдаймыз. Бұл қолдау жастар жобаларын және халықтарымыздың игілігіне бағытталған басқа да іс-шараларды аймақтық, жергілікті партиялық ұйымдарымыз бірігіп жүзеге асыру арқылы екі партия арасындағы тығыз қарым-қатынастың аясын кеңейте түседі деп сенемін. Осындай партияаралық қарқынды жұмыс екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жарқын бейнесін көрсетеді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу