Қостанай облысында жұмыссыздар саны 3 есе азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жұмыссыздар саны 3 есе азайған

24.04.2018

Бұған жаңадан ашылған өндіріс орындары ықпал етті. Биыл тағы 22 мың адамды еңбекке тарту көзделген. Облысқа жұмыс сапарымен барған Сенат депутаттары өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Халықтың әл-ауқатын көтеру үшін жасалып жатқан істерді бағамдады. Жұмыссыздықтың алдын алу үшін биыл облыс бюджетінен 6 млрд. теңге бөлінді. Соның 1,5 млрд. теңгесі кәсіпкерлікпен айналысуға  ынталы  азаматтарға берілмек. Іскерлік  негіздеріне оқытатын «Бастау бизнес» курстарына  600-ге тарта адам тартылған. Кездесуде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін заңдастыру мәселелері талқыланды. 2018-2019 жылдарға арналған жол картасын іске асыру тетіктері де сөз болды.

Хабарламаларға жазылу