Ақкөл тұрғындары аудандарында темір рудасын өндіретін кен орнын ашуға қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақкөл тұрғындары аудандарында темір рудасын өндіретін кен орнын ашуға қарсы

23.04.2018

Ақмола облысы Ақкөл қаласының тұрғындары аудандарында темір рудасын өндіретін кен орнын ашуға қарсылық білдіріп отыр. Олардың пайымынша, бұл жоспар аумақтағы экологиялық жағдайды нашарлатып жібереді. Белгілі бір компания Ауданға қарасты Құзған деген жерден ашық жолмен кен өндірмек болған. Ол жер орманды алқап. Сәйкесінше, 15 мың гектар жердегі өсімдік құрып кетуі мүмкін. Экологтар да, билік өкілдері де өндіріс ашылмайтынын жеткізді. Себебі, жұмыс істейтін компанияның жоспарлары талаптарға сай келмей шыққан.

Владимир Елисеев, Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары:

- Өндіріспен айналысқысы келіп отырған фирма келесі құжаттарды алмаған. Олардың сырттан өнім әкелуге рұқсаты жоқ. Экологиялық экспертиза да бұл жерде жұмыс істеуге рұқсат бермей отыр. Үшіншіден, айтылып отырған жерге қажетті акті де алған жоқ. Яғни, жерасты байлығы бар аумақ орман қорына жатады. Сондықтан, халыққа шу көтеру үшін еш негіз жоқ деп есептеймін.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу