Алматының Медеу ауданында 22 көше мен 100 аулаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының Медеу ауданында 22 көше мен 100 аулаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

20.04.2018

Бұл туралы көшпелі қоғамдық қабылдауда аудан әкімі айтты. Қабылдаудың ерекшелігі, тар бөлмеде емес, халық көп жүретін көшенің бойында өтті. Оған барлық қызметтік құрылым өкілдері қатысты. Олар ауданды жарықтандыру, су мен газ жүйесін тарту, алыс аймақтарға автобус маршруттарын бөлу сияқты тұрғындардың түрлі талап-арыздарын тыңдады. Мұндай ашық қоғамдық талқылау ауданда 12-ші рет өткізіліп отыр. Өткен жиында көпшілік тарапынан көтерілген маңызды мәселелердің барлығы дерлік шешімін тапқан.

  Ержан Жылқыбаев, Медеу ауданының әкімі:

- Былтырғы қоғамдық қабылдауға 200-ден жоғары адам келіп, өтініштерін білдірді. Оның 95 пайызға жуығын шештік. Ол - су мәселесі. Нақты айтатын болсам, Думан ықшам ауданында 10 жылдан бері 30 мың халық тұрады. Су мен және кәріз жүйесі жоқ. Осы мәселені жылда көтеріп келетін. Былтыр біз қаражат бөліп, биыл жұмыс басталды.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу