Телеоператор мамандығының маңызы артуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Телеоператор мамандығының маңызы артуда

18.04.2018

Қазір әлемде операторлық мамандықтың маңызы артып келеді.  Әсіресе, ғылым мен технологияның дамуымен түрленген таспагерлік ақпарат таратудың тынысын кеңейткен.

Алматыдағы «Тұран» университетінде өткен «Операторлық шеберлік» атты пәндік олимпиадада білікті мамандар осыны айтты. Олардың сөзінше, көрермен әлемнің әр қиырында болған  оқиғаның қалай өрбігендігін бейнематериалдан оператордың көзімен көреді. Сондықтан, қазір бейнетаспа арқылы ақпарат таратудың маңыздылығы артып отыр. Міне, осы таспагерлердің шеберлігін шыңдау үшін әлемдік тәжірибелерді игеріп, жаңа технологияның мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Ал, таспагерлер озық технологияны терең меңгеру үшін үздіксіз үйрену керек.

Жандос Досмақов,  студент:

- Мен пәндік олимпиадаға осымен екінші жыл қатысып отырмын. Осы жылы деңгей алдыңғы жылға қарағанда өскен.

Алмат ӘБДІРАМАН  

Хабарламаларға жазылу