Полиция қатарына жаңадан қабылданып жатқан жастар ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция қатарына жаңадан қабылданып жатқан жастар ант қабылдады

17.04.2018

Полиция қызметкерлері жазғы маусымда киімнің жеңіл үлгісіне ауысты. Тәртіп сақшылары салтанатты шеру уйымдастырып, еңбекте үздік нәтижелерге қол жеткізгендерді марапаттады. Бірқатарына кезекті әскери шендер де табысталды. Сондай-ақ, полиция қатарына жаңадан қабылданып жатқан жастар «Қазақстан Республикасына адал қызмет етеміз», деп ант қабылдады. Олар алдағы уақытта мінсіз қызмет етіп, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысатындықтарын айтты. 

Қайрат Жарқынбаев, Астана қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Қызметкерлерге үшінші, бірінші дәрежелі медальдар берді. Ол 10 жыл, 15 жыл қызмет атқарғаннан кейін беріледі. Қатарда тұрған жас мамандар сол қызметкерлер сияқты жетістіктерге жетуі үшін осыны көрсетеміз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу